Categories: Қоғам

Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді

Отандық банктерге сауалнама жүргізген Ұлттық банк мәліметінде осылай делінген.

Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, бірінші тоқсанда ипотекалық несиеге сұраныс 13%-ға төмендегені байқалған. Бұл 194 мың өтінім азайғанын білдіреді. Алматы мен Астанада сұраныс бірден 20%-ға төмендеген.

Ұлттық банк негізінен ірі банктердегі көрсеткіш төмендегенін хабарлады. Ал нарық қатысушылары мұны «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ай сайынғы лимиттердің тез игерілуімен, маусымға орай сұраныстың азаюымен және несие бойынша мөлшерлеменің төмендеуімен түсіндіреді.

Ипотекалық қарыздар құнының өсуі кейбір банктердегі бағдарламалар бойынша ипотекалық несиелеудің азаюына әсер етті,

деп атап өтті Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев.

Ипотекаға өтінім берудің орташа сомасы тоқсан ішінде 4%-ға немесе 700 мың теңгеге өсіп, 17,2 млн теңге болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, орташа чек 1,6 млн теңгеге өскен.

Бірінші тоқсанда банктер барлығы 127,5 мың өтінімді қарады, мақұлдау деңгейі (қаралмаған өтінімдерді есепке алмағанда) 33,5% — дан 38% — ға дейін өсті. Яғни, несиелік өтінімдердің үштен бірінен сәл астамы мақұлданып, қалған 60%-ынан бас тартылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago