Categories: Қоғам

Қазақстанда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін неміс жүйесі қолданылмақ

Астанада полицейлер мен дағдарыс орталықтарының қызметкерлері үшін “ODARA” халықаралық әдісінің көмегімен отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықты анықтау бойынша тренинг өтті. Тренингке тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен тығыз жұмыс істейтін полиция инспекторлары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Интервенция орталығының” халықаралық сарапшылары мен ГФР Федералдық жерінің полиция қызметкері Рейнланд-Пфальц тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және “ODARA” тәуекелділікті бағалау тетіктерін енгізу бойынша оқыту тренингін өткізді.

“ODARA” – жақын әлеуметтік қарым-қатынастардағылардың зорлық-зомбылық жағдайларын қарастыруға мүмкіндік беру үшін Канаданың психикалық денсаулықты зерттеу орталығы әзірлеген сауалнама. Бұл сауалнама полиция қызметкерлеріне жұбайы тарапынан зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдығын бағалауға септеседі.

Сауалнама 13 сұрақтан тұрады және тиісті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қатысушыларға бұл сауалнама не үшін жасалғаны, оның қалай жұмыс істейтіні және оның қаншалықты тиімді екендігі түсіндірілді.

Спикерлер Германияның жәбірленушіні қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдарының кең өкілеттіктеріне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша мәселелерді шешу агрессорды сөзсіз бас бостандығынан айыруға емес, оның толыққанды өмірге оралуына және жәбірленуші тараппен татуласуына бағытталғанын атап өтті. Осылайша неміс қоғамында агрессорды тек қылмыскер ретінде ғана емес, сонымен бірге психологиялық көмекке мұқтаж адам ретінде де қабылдайды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары ҮЕҰ-мен бірлесіп агрессордың оны психотүзету жөніндегі өтініші негізінде жұмыс жүргізеді. Яғни, агрессияны басқару бойынша 1 жылдық курстар өткізіледі.

Агрессордың курстан өтуі оның түзелуіне ғана емес, сонымен бірге жеңілірек жаза алуына, сондай-ақ оны мүлдем болдырмауына мүмкіндік береді. Агрессор психотүзету курстарынан өтуге ниет білдірген жағдайда, оған қатысты сот ісін жүргізу оларды өту кезеңіне тоқтатылады. Германияда “бас бостандығынан айыру” түріндегі жаза қылмыскер қоғамға нақты қауіп төндіретін жағдайда ғана тағайындалады,

деп атап өтті спикер.

Аталған құралды енгізу бойынша пилоттық жобалар еліміздің үш қаласында – Астана, Алматы және Павлодарда іске қосылады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago