Елімізде күн ашылып, сәулесі елдің солтүстік аймақтарында болатын суық ауаны жылытады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклон сілемінде болады. Күн ашылып, сәулесі елдің солтүстік аймақтарында болатын суық ауаны жылытады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт әсер етеді. Оған қоса, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде топырақ бетінде 2°С аяз болып, тұман түседі,
делінген хабарламада.
23-25 тамызда ауа температурасы мынадай болады:
- батыста – күндіз +30; +35°С болады;
- солтүтіс-батыста – күндіз +23; +33°С болады;
- солтүстікте – ауа температурасы +17; +25°С-тан +23; +30°С-қа дейін көтеріледі;
- орталық бөліктерде – +15; +22°С-тан +20; +31°С-қа дейін көтеріледі;
- шығыста – +13; +21°С-тан +20; +28°С-қа дейін көтеріледі;
- оңтүстікте – +27; +32°С;
- оңтүстік-шығыста – +20+28°С.