2022 жылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 235 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Бұл 2021 жылғы алғашқы жарты жылға қарағанда 38,1% көп, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Тазартылмаған күнбағыс майы 160 мың тонна (жылына +71,5%), тазартылған 75 мың тонна (-2,5%) өндірілді. Өндіруші өңірлердің ішінде Шығыс Қазақстан облысы үлкен айырмашылықпен көш бастап тұр. Өнім Абай және Қостанай облыстарында, Шымкент пен Алматыда да өндіріледі.
Отандық өндіріс ішкі сұраныстың 83,5%-тін қамтамасыз етті. Бір жыл ішінде біріншісі 29,6%-ке, екіншісі 26,6%-ке өсті.
Ішкі нарықта 143,8 мың тонна күнбағыс майы сатылып, жылдық өсім 3,7% болды. Экспорт екі есеге артып, 92,4 мың тонна болды.

Шілдеде күнбағыс майы 1,4%-ке, 7 айда 8,1%-ке, бір жылда 11,6%-ке қымбаттады. Салыстыру үшін айтайық, 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша баға өсімі бір жылмен салыстырғанда 65,8% болды.