Фото: ашық дереккөзден
Парламент мәжілісінің қоғамдық палатасында белсенді Тоғжан Қожалы көп әйел алу мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қоғам белсендісінің айтуынша, елімізде көп әйел алатындар көбейіп барады.
Қазақстанда көп әйел алу мәселесі эпидемияға айналып барады. Маған осы мәселе төңірегінде өте көп сұрақтар келеді. Заңды тұрғыда рұқсат беріңіздер немесе тыйым салыңыздар. Екеуінің біреуі.
Қоғам белсендісі бірнеше әйел алған ерлердің отбасында мұраның бөлінуі, екінші әйел мен оның балаларының статусы секілді көптеген заңды мәселелер туындайтынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Тоғжан Қожалы әлеуметтік желідегі парақшасында да осы мәселеге қатысты пікір білдірді.
Біз бұл мәселе нүкте қоюымыз қажет. Неке мен отбасылық институттарды заңды түрде қорғауымыз керек.
Қырғызстанда 2016 жылдан бері көп әйел алушыларды 2 жылға бас бостандығынан айыратын заң бар. Тәжікстанда да ресми түрде тыйым салынған. Өзбекстанда жақында ғана, 30 қыркүйек күні Сенат көп әйел алуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…