Биыл Қазақстандағы тұрмысы төмен азаматтардың саны өсті. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Өткен жылы кедейлердің саны 4,9 % болса, биыл 5,1% -ға өскен. Инфляцияның жоғары болуы азаматтардың табысының көп бөлігін алып қойып жатыр. Азаматтар көп қаражатын азық-түлік себетін алуға жұмсап жатыр. Мысалы, 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70%-ы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне кері әсерін тигізеді.
Министрдің айтуынша, бүгінде кедейшіліктің шегі, яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 мыңға тең болса да, әр өңірде әртүрлі болып тұр. Мысалы, Маңғыстау облысында — 54 мың теңге, Астанада – 50 мың, Алматы қаласында – 48 мың теңге. Республика бойынша орташа көрсетіш 45 623 құрап отыр.