Кейінгі екі жылда елімізде 237 әскери қызметкер қайтыс болған, оның 50-і өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт айтты.
Депутаттың сөзінше, бұл мәселені шешу үшін әскерге шақырту алған азаматтардың ғана емес, жасөспірімдердің психологиясымен айналысу қажет.
13-14 жас аралығындағы ұл балалардың денсаулығы, психикасы, психологиясы тұрақты бақылауда болуы керек деп есептейміз. Баланың бүкіл психофизикалық портреті шақыру комиссиясының алдында жинақталғаны жөн, барлық ақпарат арнайы электронды кітапта жинақталған. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған арнайы құжаттың болмауына байланысты міндетті квотаны толтыру үшін денсаулығы нашар жігіттер әскерге барады.
дейді Дана Нұржігіт.
Сонымен бірге сенатор әскери қызметшілердің мәртебесі мен олардың әл-ауқатының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселелерді тез арада шешу қажет.
Қарулы Күштер қатарында келісімшарт бойынша қызмет еткен бірінші жыл сарбазының жалақысы — 69-78 мың теңге. Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы көтерілгенде, еліміздің әскери дәрігерлері осы өсімнен шығып, бүгінде олардың жалақысы 200 мың теңгені құрап отыр. 2021 жылдан бастап «Отбасы банкі» бағдарламасы аясында бастапқы төлем 5 пайыздан 20 пайызға дейін көтерілді. Ал, әскери жалақысы 100 мыңнан аспайтын жас әскери маман алғашқы 20 пайызын қалай төлейді? Осыдан кейін әскерилердің қоғамдағы мәртебесі туралы не айтуға болады?
деп ашуланды депутат.