Бұл туралы 12 ақпанда экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады, деп жазады Азаттық.
Ведомство киік санын реттеу шараларын 2025 жылы жалғастыруды жоспарлап отыр.
Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаған соң киік ату науқаны тоқтады. Қыс мезгілінде жүру де қиынға соқты. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киік санын реттеу шарасын тоқтаттық,
деді Нысанбаев.
Былтыр күзде Қазақстан экология министрлігі «киік ауыл шаруашылығына зиян тигізіп жатыр» деп санын азайту үшін атуға рұқсат берген.
2023 жылғы мамырдағы дерек бойынша, Қазақстанда киік саны 1,9 миллионға жеткен.
Үкіметтің киік ату және аулау шешімі қоғамда қарсылық туғызып, экологтар мен ғалымдар бұған қарсы шыққан. Ауыл-аймақтағы халық дала «қанға боялып», «киік атылған жерінде қалып жатқанын» айтқан.