Денсаулық

Қазақстанда коронавирустың «Эрис» штамы анықталды

Қазақстанда «Омикронның» бір түрі саналатын коронавирустың жаңа штамы «Эристі» жұқтыру жағдайлары тіркелді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, жақында жүргізілген генетикалық зерттеулер Қазақстанда «Эрис» штамы анықталғанын көрсетті.

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеп жатқанына қарамастан, өткен айдың қорытындысы бойынша зерттеулер елге «Эрис» штамы енгенін көрсетті. Жалпы, ай сайын елде жаңа штамм таралып жатыр ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, соны білу үшін COVID-19-ға генетикалық талдау жүргіземіз,

деді Ғиният ОҚК-де өткен брифингте.

Ол вирус Қазақстанның барлық аймағында анықталғанын айтты.

Өткен айда бұл түр жоқ болды деп айтсақ, қазір сынақ нәтижелерінен оны көріп отырмыз,

деді Ажар Ғиният.

Министр «Омикрон» және оның қосалқы түрлерімен сырқаттанушылық жеңіл немесе орташа өтетінін айтты. Бүгінде ауруханаларда COVID-19 диагнозы қойылған 35 адам бар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

13 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago