Мексиканың Қазақстанда елшілігі ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексика Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың дипломатиялық корпуспен 34-жыл сайынғы кездесуі өтті.
Өз сөзінде Марсело Эбрард биылғы міндеттері туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да ашатынын ресми түрде хабарлады,
деді Айбек Смадияров.