Қазақстанда наурыздан бастап бірқатар өзгеріс пен жаңалық болмақ, деп хабарлайды Massaget.kz.
Банкроттық туралы заң бойынша өтініш беру басталады
Президент заңға былтыр 30 желтоқсанда қол қойды. Заң ресми түрде 1 қаңтарда жарияланды. Ал 3 наурыздан бастап жеке тұлғалар банкрот екенін жариялап, өтініш бере алады. Бірақ бұл барлық азаматтың несиесі кешіріледі деген сөз емес.
Ең алдымен, бұл заң бойынша кімдер өтініш бере алатынын түсіндіре кетсек:
Атыңызда жылжымайтын мүлік, жер учаскесі немесе көлік рәсімделмеген болса өзіңізді банкрот деп танып, өтініш бере аласыз. Айта кетейік, тек сіздің атыңызда емес, отбасы мүшесінің атында да мүлік болмауы керек. Мысалы әйелінің автокөлігі бола тұра күйеуі банкроттыққа өтініш берсе, бұл өтініш қабылданбайды. Яғни сіз төлемге қабілетті болып саналасыз.
Айта кетейік, екінші деңгейлі банктегі, микроқаржы ұйымдарындағы несиелерді және несиеңіз коллекторларға өтіп кетсе де өтініш беріп, несиені жабуға болады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау биыл бір күнде — 19 наурызда өтеді. Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 20 қаңтарда басталды. Ол 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады. 18 наурыз — тыныштық күні.
Сайлаудан кейін Мәжілісте 98 депутат қалады. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаттығына қойылатын талаптар:
Наурызда қалай демаламыз?
Наурыз 31 күнге толады. Соның 12 күні (сенбі мен жексенбіні қосқанда) демалыс, 19 жұмыс күні болмақ. Яғни:
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні тек бір күн — сәрсенбі демалыс.
Ал Наурыз мерекесінде (21-23 наурызда) қазақстандықтар үш күн демалады: 21 наурыздан 23 наурызға дейін. Бұл сейсенбі мен бейсенбі аралығы болмақ.
1 наурыз — Алғыс айту күні
Көрісу мерекесі
14 наурыздан бастап Көрісу немесе Амал мерекесі болады. Бұл Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Себебі Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.
Рамазан айы
Мұсылман қауымы үшін қасиетті болып саналатын қасиетті Рамазан айы 2023 жылдың 23 наурызында басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған 2023 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Күн мен түн теңесетін күн
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (22 наурыз) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…