2022 жылғы қыркүйекте қазақстандықтарға 2,2 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, биылғы қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 244,8 миллирад теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,3 миллиард теңге бөлінді.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 261мың адам.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.