Жаңа Қазақстандағы биліктің саясаты күрт өзгерді.
Таяуда ғана құрылған, Қанат Шарлапаев басқаратын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №114 бұйрықты қабылдады.
Оған министрдің міндетін атқарушы ретінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан қол қойған.
Бұл құжатқа сәйкес,
маңдайшалар тек қазақ тілінде емес, міндетті түрде қазақ және орыс тілінде қатар жазылатын болады. Яғни, маңдайшаға мекеме атауын тек мемлекеттік тілде жазуға, сондай-ақ ол атауды қазақ тілінің латынша графикасында жазуға қатаң тыйым салынады.