Categories: Қоғам

Соғыс ардагерлеріне 4,6 млрд теңге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі

Еліміздің барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу құрметіне ҰОС ардагерлеріне кемінде 1,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету көзделген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы және ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 60 106 басқа да азамат тұрады.

Олардың ішінде:

  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 78 адам;
  • концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 175 адам;
  • ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 2 413 адам;
  • ҰОС – да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 4 адам;
  • тыл еңбеккерлері – 57 436 адам.

ҰОС кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылды.

Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады.

Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады.

Біріншіден, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ре азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

  • ҰОС қатысушылары үшін – 220 754 теңге (161 адам);
  • ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 229 286 теңге (61 адам);
  • басқа мемлекеттердің (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак және т. б.) аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері үшін – 215 201 теңге (25 752 адам);
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 182 782 теңге (3 648 адам);
  • ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін – 140 838 теңге (14 424 адам);
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 148 892 теңге (57 436 адам).

Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады (367 млн теңгеге 1 989 адам).

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде және келесі нысанда қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді:

  • тұрғын үйді жөндеу (20,4 млн теңгеге 114 ардагер),
  • отынмен қамтамасыз ету (179,3 млн теңгеге 3 384 адам),
  • қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (116,8 млн теңгеге 6 463 адам),
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (56,4 млн теңгеге 4 826 адам),
  • тіс протездеу (22 млн теңгеге 239 адам),
  • азық-түлік топтамасы (81,3 млн теңгеге 8 097 адам)

Үшіншіден, жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 млрд теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр.

Бүгінгі таңда ҰОС ардагерлеріне төлемдер барлық өңірлерде жүргізілуде. Қалған санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78-жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Төртіншіден, мемлекет әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізуде. Осылайша, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылды. Ол жаңадан енгізілген ардагерлер санаттарының ішінен 11 мың адамға ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға, сондай-ақ ардагерлер үшін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago