Categories: Оқиға

Павлодарда адам азаптаған полицейге үкім шықты

№ 2 қалалық сотында Павлодар ауданының полиция бөлімінің аға жедел уәкіліне қатысты іс қаралды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы 2022 жылғы 20 қазанда және 22 қарашада Павлодар аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі бола отырып, ұрлық жасағанын мойындату мақсатында  зардап шеккен азаматты азаптап, тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. Сондай-ақ  балағат сөздер  айтқан,  ашық алақанмен бет аймағынан, кейінірек оң қолымен жұдырықпен бастың артқы жағынан ұрған.

Прокурор үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыны кешіргенін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Келтірілген залал ішінара 700 мың теңгеге өтелді. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады және іс бойынша жиналған дәлелдемелерге қарсылық айтпады.

Сот жеңілдететін мән-жайларды (кінәсін мойындау, жасаған ісіне өкіну, келтірілген зиянды ішінара ерікті түрде түзету, мүгедектігі бар жас бала мен әкенің асырауында болуын, бұрын сотталмағанын), ауырлататын мән-жайларды (қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы) ескере отырып, минималды қауіпсіздік мекемесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,

делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушінің моральдік зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы 1  млн  теңге сомасына, материалдық залал 344 301 теңге сомасына қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago