Бала құқығын қорғайтын бірнеше заң бола тұра, кәмелетке толмағандар қорғала бермейді.
Балаларға жасалатын қылмыстық іс те азаймай тұр.
Qazaqstan.tv жазуынша, күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі. Биылдың өзінде 4500 мың баланың құқығы тапталған.
Осыған байланысты ел аумағында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр.
Оң нәтиже берсе, елдегі – ювеналды, азаматтық және әкімшілік сот біріктіріледі.
Ағымдағы жылы прокуратура органдары 900-ге жуық тексеру мен тиісті талдау жасады. Осы бағытта 2,5 мыңнан астам заңдылықты бұзу деректері анықталып, 1,5 мыңнан астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 300 мың кәмелетке толмағанның құқықтары қорғалды,
деді ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары Сәкен Самет.