Кентаудың экс-әкімі Дәурен Мақажанов 2022 жылы пара алды деген айыппен 10 жылға сотталған. Ал қазір ол бостандықта жүр. Бұл қалай?
Сөйтсек, іс былай екен: Алматыда сот Мақажановты 2022 жылы соттаған. Сосын қалалық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. Сот үкімімен Мақажанов Кентау қаласы әкімі бола отырып, делдалдар арқылы VIP Stroy Company компаниясынан 50 млн теңге пара алмақ болған. Параны ол қаладағы жолдардың жөндеуіне мемлекет бюджетінен 1,7 миллиард теңгені компанияға кедергісіз берілгені үшін алмақ болған.
Ал биыл шілде айында Бас прокуратураның талабымен Жоғары Соттың алқасы істі басқа бапқа қайта саралаған. Сөйтіп, экс-әкімнің мерзімін қысқартқан. Мұны телеграм-арнасында журналист Михаил Козачков байқап қойыпты. Cондағысы әкімнің ісінде бап бұрынғы «пара алуға оқталу емес» емес, енді «алаяқтық жасауға оқталу» бабына ауыса салған. Осылайша 10 жыл емес, экс-әкім 5 жылға сотталған.
Енді қызықты қараңыз, қыркүйекте экс-әкім колониядан ерте шығуға мүмкіндік алған. Сөйтсек оның өтелмеген жазасы айыппұлға ауысыпты. Айыппұлы – 1 млн 988 мың теңге. Сонда 10 жылға сотталған экс-әкім 1,5 жыл ғана жазасын өтеген.