Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстанда ресейлік тауарлар қаптайды – экономист әлсіз рубльдің салдары туралы айтты
Экономика

Қазақстанда ресейлік тауарлар қаптайды – экономист әлсіз рубльдің салдары туралы айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.08.2023
Обновлено 15.08.2023 в 11:08
Поделиться
Поделиться

Рубльдің одан әрі әлсіреуі Қазақстан арқылы реэкспорт көлемінің төмендеуіне әкеледі. Бұл туралы тәуелсіз экономист Александр Юрин айтты.

Атап айтқанда, Юрин Ресей валютасының арзандауына байланысты ресейлік тауар өндірушілер жаппай Қазақстанға ағылады деп болжайды.

Ресейлік тауарлар онсыз да қазақстандық нарықта кеңінен ұсынылған, ал рубльдің әлсіреуі және жалпы ресейлік тауарларға бағаның төмендеуі тұтынушылық инфляция динамикасына оң әсер етеді. Бұл ретте ресейлік тауарлар қазақстандық нарықтан басқа елдерде өндірілген тауарларды ішінара ығыстыра бастауы мүмкін,

деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, экономист Ресейге қазақстандық реэкспорт көлемінің төмендеуін болжап отыр. Оның айтуынша, бұл жағдай әлсіз рубль аясында ресейлік тұтынушылар арасында шетелдік өнімдерге төлем қабілеттілігінің төмендеуі нәтижесінде туындауы мүмкін.

Юрин өткен жылы Ресейге қарсы санкциялар Қазақстаннан Ресейге тауарлардың реэкспортына әсер еткенін еске салды. Мысал ретінде ол «көліктер, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» тобы бойынша сыртқы сауда статистикасының деректерін келтірді. Мәселен, көрсеткіш 2021 жылғы $471,4 млн-нан 2022 жылы $2,3 млрд-қа дейін өсті. Осылайша, олардың Ресейге қазақстандық экспорт құрылымындағы үлес салмағы 6,7%-дан 24,9%-ға дейін өсті.

Өткен жылы теңгеге қатысты рубльдің күшеюі теориялық тұрғыдан қазақстандық өндірушілерге бәсекелестік артықшылық беруі тиіс еді, алайда отандық тауарлар ҚР мен РФ өндірушілерінің әртүрлі нарықтық нишалар бойынша бөлек болуына байланысты ішкі нарықта ресейлік өнімдерді ығыстыра алмады. Сол сияқты, рубльдің қатты әлсіреуі де оның қазіргі жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібі үшін маңызды проблемаға айналмайды деп болжауға болады,

деп есептейді ол.

Сонымен қатар, экономист кейбір кәсіпорындар қандайда бір жапа шегуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл трансшекаралық өндірістік тізбектерге қатысатын компаниялар және азық-түлік өндірісі сияқты ішкі нарыққа бағытталған жекелеген салаларға қатысты.

Бұған дейін Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев ресейлік тауарлар импортының өсуі туралы айтқан болатын. Ол мұны осы өнімді өткізудің сыртқы нарықтарының тарылуымен, сондай-ақ рубль бағамының теңгеге қатысты төмендеуімен байланыстырады. Өз кезегінде Қазақстан өндірушілері астықтың арзан импортына қатысты алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты олар Ресей бидайын әкелуге бірқатар шектеулер енгізуді ұсынады.

Сондай-ақ, бір жылдан кейін сарапшылар рубль 5,2 теңге болады деп болжап отыр. Бұл ретте жақын арада рубль бағамына сауда балансының нашарлауы және Ресей федералдық бюджетінің тапшылығы әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша 14 тамызда RUB/KZT жұбының орташа алынған бағамы 4,46 теңгені құрады.

ТЕГи: Геосаясат, Главное
Анара Бауыржанқызы 15.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?