Денсаулық

Қазақстанды сауатсыз дәрігерлер қаптады

Денсаулық сақтау министрлігі хайп қуып, далбаса тірліктермен айналыса бастады, деп жазады Dala Inside арнасы.

Қазақстанда медицина сапасы нашарлап, сауатсыз, диагноз қоя алмайтын дүбәра дәрігерлер көбейіп жатқанда жауапты министрліктің бар назары мүлде басқа бағытқа ауып барады. Жалпы, министрліктің де, отандық медицинаның да деңгейін пандемия кезінде көрген болатынбыз.

Мамандар сапасын көтеру, біліктілікті арттырудың орнына денсаумині энергетиктермен күреспек. Тиым сала салу оңай әрине.

Министрлік айды аспанға шығарып, энергетик сусындарды жеткіншектерге қауіпті деп таба отырып, ал тиымды 21 жасқа дейін салмақ. Оны немен негіздегені түсініксіз. Дәйегі де жоқ.

Осыған назар аударған журналист Полина Шиманская әлемде энергетиктерге тиым салынбағанын, тек санаттар бойынша шектеу барын жазады. Ал біздің еліміз бәріне тиым салып, шектеп тастауға құмар болып кетті. Депутаттар мен министрліктер бір-бірімен жарысуда.

Энергетиктерден кейін қант қосылған кофе мен шәйға да кезек келерін ішіміз сезіп отыр. Тек тиым салуға жүрдек денсаумині контрабанда мен конрафакт мәселелерін бір сәт болса да ескерді ме екен деген ой келеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago