18 тамызда Мәскеуде Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Тәжікстан төтенше жағдайлар департаменті басшыларының кеңесі өтті.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстан мен Беларусь Руспубликасында өтеді. Бұл — «Скала-2023» және «Скала-2024» штаб жаттығулары. Бұл туралы шешім 18 тамызда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің 13-ші отырысында қабылданды.
Армения, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан төтенше жағдайлар департаменті басшылары қатысуымен өткен шараға Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренков төрағалық етті.
Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы өзара іс-қимылының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын тыңдап, бекітті.