Күні кеше Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатор өртеніп, бір адам зардап шекті. Дәрігерлердің сөзінше шатырдан құлап кеткен өрт сөндіруші жабық бас-ми жарақатын алған.
ТЖМ мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрайды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 53 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.
Абырой болғанда өрт 2 сағаттың шамасында толықтай сөндірілген.

19 маусым күні Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына апаратын айналма жолдың арасында қураған шөп жанғаны туралы ақпарат тарады. Өрттің аумағы 80 гектарды құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Жалпы өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері авиация өрт ошақтарына 149 рет көлемі 447 тонна болатын су шашқан.
20 маусым күні сағат 20:16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне қайтқан.

Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт 17 маусымда басталды. Қол жетпейтін таулы жерлерде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп кетті. 19 маусымда 15 гектар алқапта өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

8 маусым күні Семей орман резерватынан өрт шықты. От 60 мың гектарды шарпыды. 14 орманшы қаза тапты. Абай облысының аумағындағы өрт, Greenpeace мәліметтері бойынша, әлемдегі ең ірі болып шықты.
