Categories: Экономика

Қазақстанда түйе көбейіп келеді

Биыл 1 шілдеде республикада 282,3 мың түйе болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,4% көп, дейді energyprom.kz.

Өңірлер бойынша ең көп түйе Маңғыстау облысында тіркелді: 89 мың, бір жылда 4,2% көбейген. Екінші және үшінші орында Қызылорда (63,7 мың түйе) және Түркістан (42,7 мың түйе) облыстары орналасқан. Осы үш өңірде республикадағы жалпы түйенің 69,2%-ы бар.

Түйелердің өлу көрсеткіші алты айда 16,3% төмендеп, 374 болды. Биыл мұндай оқиға тек 7 облыста тіркелген. Соның ішінде 65%-ы Маңғыстау облысына тиесілі.

Бұл ретте төл саны 1,5% көбейіп, 46,9 мыңға жетті. Әрбір 100 інгенге 34 төлден келеді, былтыр да көрсеткіш осындай болған.

Биыл шаруашылықта 6,3 мың тонна түйе сойылды немесе союға сатылды (былтырғымен салыстырғанда 3,3% көп), сойып сатылғаны 3,3 мың тонна (3,1% көбейген) болды.

Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тірідей және сойып сатылған түйе көп болды.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысының шаруалары түйе шаруашылығын субсидиялаудың жоқтығына шағымданған, деп хабарлайды Хабар24. Облыс қос өркешті мал өсіруден, шұбат пен түйе етін өндіруден алдыңғы орындарда. Республика бойынша бұл жануарлардың жалпы саны 270 мыңнан асатын болса, олардың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында бар болғаны 2,6 мың түйе бар, бұл былтырғыдан 1,6% аз.

2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, түйе және түйе тұқымдас басқа жануарларды өсіруде негізгі капиталға инвестиция 78,4 млн теңгені құрады, бұл былтырғыдан бірден 33,5% аз.

Салаға салынған инвестиция үш өңірде ғана байқалды. Инвестициялардың ең көп көлемі Түркістан облысына түсті: 70,3 млн теңге, бір жыл бұрын 600 мың теңге ғана болған. Маңғыстау облысында түйе шаруашылығына құйылған инвестиция 4,5 млн теңге, Алматыда 3,6 млн теңге болды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago