Гүлнара Каримованың 20 млн фунт тұратын мүлігі тәркіленді

Ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы күрес бюросы (Serious Fraud Office, SFO) Ұлыбританияда Гүлнара Каримоваға тиесілі үш жылжымайтын мүлікті тәркіледі. Бұл туралы өзбек басылымдары жазды.

Әңгіме Лондонның элиталы Белгравия ауданындағы екі пәтер және Суррей графтығындағы зәулім сарай жөнінде. Бұлардың жалпы құны 20 миллион фунтқа бағаланады.

SFO атап өткендай, Каримова бұл мүліктерді Өзбекстандағы коррупциялық әрекетінен түскен қаражатқа сатып алған.

«Каримова 2004 жылдан 2012 жылға дейін Өзбекстан нарығына кіруді қалаған телекоммуникациялық компанияларға көмек беріп, бұл үшін жүз миллиондаған доллар пара алған», деп жазылған мекеме мәліметінде.

SFO Каримованың Британиядағы активтерін, оның ішінде аталған үш мүлкін тәркілеу үшін сотқа 2018 жылы қайрылған. 8 тамызда Ұлы Британия Жоғарғы соты бұл өтінішін қанағаттандырған.

Гүлнара Каримова 2019 жылдың жазынан бері Өзбекстандағы әйелдер абақтысында отыр. Ол «жеке мүлікті тартып алу», «Қылмыстық жолмен табылған кірісті заңдастыру» секілді баптар бойынша 2020 жылдың 18 наурызында 13 жыл төрт айға еркінен ажыратылған.

Гүлнара Каримоваға тиесілі екені айтылатын Швейцария, Франция, АҚШ және басқа елдердегі активтерінің жалпы сомасы 1,4 миллиард долларға бағаланып отыр. Өзбекстан билігі олардың бір бөлігін қайтаруға әрекет етіп жатыр.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago