Елімізде өткен тәулікте 105 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам аталған дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
16 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 590 адам коронавирус инфекциясынан (–1 414+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 125 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.