2024 жылдан бастап бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады.
Үкіметте кәсіпкерлік саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды.
ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров автоматты функционалдығы бар Smart Data Ukimet платформасы пайдалануға дайын екенін айтты. Ол қазіргі уақытта жұмыс апробациясынан өтуде. Осылайша, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі 2024 жылдан бастап іске қосылады.
Платформаны техникалық баптау туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады.
Премьер-Министр ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы жылдың 30 маусымына дейін салалық тәуекелдерді басқару жүйесінің қабылдануын қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті.
Келесі жылдан бастап барлық тексерулер мен бақылаулар тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылуы үшін биыл мемлекеттік бақылауды автоматтандыру бойынша жұмысты аяқтауымыз керек,
деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.