Бүгін Алматы қаласында өткен тұсаукесерде Food Solutions KZ бас директоры Әсет Машанов бұрын McDonald’s желісінің бір бөлігі болған мейрамханалардың жаңа атауын жариялады. Мекеме қазір — I’m деп аталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа атау ойлап табу оңайға соқпады.
Айта кетейік, бұл мекеменің бір жыл ішіндегі үшінші атауы. 2023 жылдың қаңтар айында «Біз ашықпыз» деген белгілер орнатылды. Ал тамызда бұрынғы McDonald’s мейрамханаларында компания қызметкерлерінің аты-жөнінен («Мен Мадиярмын», «Мен Арамын» және т.б.) әртүрлі атаулар пайда болды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда McDonald’s брендімен 2016 жылы ашылған 24 фастфуд мейрамханалары Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды қалаларында болған.
2022 жылдың 17 қарашасында Қазақстандағы McDonald’s желісі жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Ал 2023 жылдың қаңтар айында «Food Solutions KZ» ЖШС мейрамханалардың атауын өзгертетінін ресми түрде хабарлады.