Саясат

Қазақстандағы ең беделді сутенердің клиенттерінің 70 пайызы сақалды болып шықты

Love Айка «досьесі» Қазақстандағы салафизмнің құдайды алдап келгенін дәлелдеп отыр.

Қазақстандағы ең ірі секс-барон, беделді сутенер Love Айканың желіде тарап кеткен клиенттер тізіміндегі азаматтардың 60-70 пайызы сақалды болып шыққан, деп жазды Dala Inside дереккөзі.

Шариғат бойынша ер азамат тек заңды некедегі жарымен жыныстық қатынасқа түсуі тиіс. Бірақ отандық салафиттер Шариғаттың осы қатаң заңын бұзып жіберген. Теологтар «Зина тозаққа апарады» дейді. Намаз оқып, күнәні жуып шайғандай болу көмектеспейді екен.

Елдегі салафизм офисі де бұл тізіммен таныс. Бірақ еш реакция бермейтін болды. «Қарапайым халық» тізімінде салафиттер көп болса, VIP тізімде әншілер мен шенеуіктер өріп жүр.

Ішкі істер министрлігі «VIP сутенердің” ұсталғаны туралы маусым айында хабарлаған.

Сипаттамаға сәйкес, «танымал блогер» Love Aika-ның телефон кітапшасынан алынған және қазір желі қолданушылары таратып жатқан тізімге қазақтың белгілі әншілері мен музыканттары, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, ірі топ кәсіпорындар, Қазақстанның ірі қаржы институттарының, жоғары оқу орындарының және басқа да мекемелердің қызметкерлері өкілдері кірген.

Сондай-ақ сол тізімде әдетте «әлеуметтік жауапкершілігі төмен әйелдер» деп аталатын нәзік жандылар өкілдерінің телефондары бар.

Жалпы тізімде телефон нөмірлері бар 300-ге жуық есім бар, олардың кейбірі қазақстандықтардың көпшілігіне белгілі екені айтылады.

Еске салайық, 6 маусымда Ішкі істер министрлігі Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскорт қыздардың «жабық» әлеуметтік желілері жойылғанын хабарлаған болатын. Осы әлеуметтік желілер арқылы, полицейлердің мәліметінше, Алматыда сұлу қыздардың қатысуымен интимдік қызмет көрсетіп, тек ауқатты еркектерге қызмет көрсететін «жеке» секс кештері ұйымдастырылған».

Іс бойынша басты айыпталушы – 25 жастағы алматылық әйел, тергеушілердің айтуынша, «ақша үшін жыныстық қызмет көрсетуге дайын сұлу қыздарды таңдаған, сонымен қатар ауқатты клиенттерді іздеген».

Тәртіп сақшылары атап өткендей, «сексуалдық бизнесті ұйымдастырушы өзінің Интернеттегі қызметін мұқият бүркеген» және «Instagram әлеуметтік желісінде өзін табысты модель және блогер ретінде көрсете отырып, 100 мыңнан астам аудиторияға ие болған».

Сонымен бірге полицейлер тінту нәтижесінде күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалар жазылған күнделік тәркіленгенін хабарлады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago