Қоғам

Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингі жаңарды

Forbes Kazakhstan журналы елдегі ең ықпалды 50 бизнесменнің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейтинг авторларының айтуынша, алғаш рет тізімді осы уақытқа дейін бірінші орынды иеленген Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратов бастамаған.

Алғашқы рейтингтен бастап-ақ бірінші орынды Тимур Құлыбаев немесе Болат Өтемұратов иеленген еді. Он үшінші рет көшбасшылықты басқа біреу алды. Биыл бұл тізімді Kaspi.kz негізін қалаушы және ең ірі үш акционердің бірі 54 жастағы Вячеслав Ким бастады. Осыдан 13 жыл бұрын ол 15-ші орында болған,

деп жазды басылым.

Сондай-ақ жаңадан келген алты кәсіпкердің үздік 50-ке кіргені анықталды. Олардың арасында Еркін Тәтішевтің Kusto Group-тағы серіктесі, YPO Kazakhstan жаңа төрағасы болып сайланған және «Бәйге» ұлттық федерациясын басқарған 47 жастағы Қанат Көпбаев бар.

Сонымен қатар тізімде белгілі кәсіпкер Рашит Сәрсеновтің 38 жастағы ұлы Эльдар Сәрсенов бар. Оған бұрын әкесіне тиесілі болған «Нұрбанк» және «Виктория» сақтандыру компаниясының басым акциялары берілген.

Рейтингте алғаш рет 39 жастағы «Республика» парламенттік партиясының төрағасы, Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты Айдарбек Қожаназаров шықты.

Құлыбаевтардың іскер серіктесі, олардың бизнес империясындағы көптеген ірі құрылымдардың басшысы 61 жастағы Раушан Сағдиева да биік белестерді бағындырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago