Фото: vlast.kz
Сәбилер өлімі де көбейгені байқалады.
Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті ұзақ уақыт төмендегеннен кейін 2019 жылы қайта өсе бастады. Солайша, 2021 жылы 1000 адамға шаққанда 9,61 адам болды. Бұл 2009 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш деп хабарлайды, finprom.kz.
Қалаларда өлім-жітімнің жалпы коэффициенті ауылды аймақтардан асып түседі. Қалаларда 1000 адамға шаққанда — 10,33, ауылдарда — 8,57.
Өңірлер тұрғысынан алғанда 2021 жылы жалпы өлім-жітім деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды.
2021 жылы ең төменгі өлім көрсеткіші елордада тіркелді. Одан кейін Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы тұр.
Жалпы коэффициенттердің мәніне әсер ететін ең күшті факторлардың бірі халықтың жас құрылымы екені айтылады. Құрылымдық факторлардың әсерін жою жолы — демографиялық коэффициенттерді стандарттау. Стандарт ретінде зерттеліп жатқанына жақын халық құрылымы таңдалады және салыстырылатын аймақтардағы халық құрылымы «стандарт халықпен» бірдей болады деп болжанады.
Жынысы бойынша стандартталған өлім-жітім коэффициенті 2021 жылы Нұр-Сұлтанда 1000 ер адамға шаққанда 8,46-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 1000 ер адамға шаққанда 11,7-ге, Нұр-Сұлтанда 1000 әйелге шаққанда 7,72-ге, Жамбыл облысында 10,05-ке тең.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен сәби өлімінің көбейіп жатқанын үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып өтті. Қазіргі перзентханалардың көпшілігі халықаралық стандарттарға сай емес. Президент шұғыл шаралар қабылдап, бұл мәселені шешуді тапсырды.
Шынында да, 2021 жылы нәресте өлімінің жалпы көрсеткіші жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 8,44 болды. Бұл — кейінгі 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, аудан контекстінде айтарлықтай ауытқу бар: қалаларда бұл көрсеткіш жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 10,46-ға жетті. Бұл — 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ауылды жерлерде мұның бәрі керісінше: ресми деректерге қарағанда, көрсеткіш төмен – жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 5,55.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…