Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Ресейліктер Қазақстан банктеріне 1 трлн теңгеден астам ақша әкелді
02.02.2023
Қырғызстанда танымал TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салу ұсынылды
02.02.2023
Қарағанды әуежай
Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды
02.02.2023
Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты
02.02.2023
Қарақалпақстандағы митинг: 22 айыпталушыға қатысты үкім шықты
02.02.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қазақстанда өлім-жітім жоғарғы шегіне жетті
Басты жаңалықтарҚоғам

Қазақстанда өлім-жітім жоғарғы шегіне жетті

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 20.07.2022
Обновлено 21.07.2022 в 09:07
Поделиться
Фото: vlast.kz
Поделиться

Сәбилер өлімі де көбейгені байқалады.

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті ұзақ уақыт төмендегеннен кейін 2019 жылы қайта өсе бастады. Солайша, 2021 жылы 1000 адамға шаққанда 9,61 адам болды. Бұл 2009 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш деп хабарлайды, finprom.kz.

Қалаларда өлім-жітімнің жалпы коэффициенті ауылды аймақтардан асып түседі. Қалаларда 1000 адамға шаққанда — 10,33, ауылдарда — 8,57.

Өңірлер тұрғысынан алғанда 2021 жылы жалпы өлім-жітім деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды.

2021 жылы ең төменгі өлім көрсеткіші елордада тіркелді. Одан кейін Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы тұр.

Жалпы коэффициенттердің мәніне әсер ететін ең күшті факторлардың бірі халықтың жас құрылымы екені айтылады. Құрылымдық факторлардың әсерін жою жолы — демографиялық коэффициенттерді стандарттау. Стандарт ретінде зерттеліп жатқанына жақын халық құрылымы таңдалады және салыстырылатын аймақтардағы халық құрылымы «стандарт халықпен» бірдей болады деп болжанады.

Жынысы бойынша стандартталған өлім-жітім коэффициенті 2021 жылы Нұр-Сұлтанда 1000 ер адамға шаққанда 8,46-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 1000 ер адамға шаққанда 11,7-ге, Нұр-Сұлтанда 1000 әйелге шаққанда 7,72-ге, Жамбыл облысында 10,05-ке тең.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен сәби өлімінің көбейіп жатқанын үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып өтті. Қазіргі перзентханалардың көпшілігі халықаралық стандарттарға сай емес. Президент шұғыл шаралар қабылдап, бұл мәселені шешуді тапсырды.

Шынында да, 2021 жылы нәресте өлімінің жалпы көрсеткіші жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 8,44 болды. Бұл — кейінгі 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, аудан контекстінде айтарлықтай ауытқу бар: қалаларда бұл көрсеткіш жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 10,46-ға жетті. Бұл — 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ауылды жерлерде мұның бәрі керісінше: ресми деректерге қарағанда, көрсеткіш төмен – жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 5,55.

Таңшолпан Төлеген 20.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Ресейліктер Қазақстан банктеріне 1 трлн теңгеден астам ақша әкелді
  • Қырғызстанда танымал TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салу ұсынылды
  • Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды
  • Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты
  • Қарақалпақстандағы митинг: 22 айыпталушыға қатысты үкім шықты

Недавние комментарии

  1. Жұбаныш Айтжанов к О, тоба! Қазақтың билігі шпиондардың қолында ма?

Вам также может понравиться

Қарағанды әуежай
Қоғам

Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды

02.02.2023
Қоғам

Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы

02.02.2023
Қоғам

Қаңтар оқиғасы: 190 адам азапталғанын айтып, шағымданған

02.02.2023
Қоғам

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

02.02.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?