Алматы әкімдігі өкілдері кейінгі аптада Алматыға қанша Ресей азаматы келгенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Қала билігі мәліметінше, әкімдік Ресей азаматтарының келуіне қатысты арнайы жоспар дайындаған.
22-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласына 5 066 РФ азаматы келіп, 4 172 адам қаладан шығып кеткен. 894 ресейлік қала аумағында қалды. Бұл біздің қала үшін үлкен көрсеткіш емес. Алматының барлық қызметі түгел қажет жұмысты орындауға дайын. Мемлекеттік органдар заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық қажет көмекті береді. Демек ешқандай артықшылық болмайды,
деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
Ол барлық мемлекеттік мекеме, әсіресе көші-қон қызметі штат режимінде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда екенін айтты.
Айта кету керек, биыл 26 қыркүйекте ЖСН алуға 2 070 шетелдік қызмет алушы жүгінген. Келесі күні — 1 700 адам. Мегаполисте шетелдіктер саны артқан жағдайда азаматтарға кедергі келтірмейтіндей қызмет көрсету үшін қосымша орын бөлінеді.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаладағы хостел мен жатақханаларда 1000-нан аса бос төсек-орын бары анықталды. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда 2000-ға жуық төсек-орын орналастыруға болады,
деді әкімдік өкілі.
Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауында тәулік бойы тегін колл-орталығы жұмыс істейді. Барлық өзекті сұрақ бойынша 1308 (мобильді қазақстандық ұялы байланыс операторының қоңырауы, тек Алматыдан ғана қоңырау шалуға болады) және +7 727 338 33 88 (қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады) телефондарына хабарласуға болады.
Бұдан басқа, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, шетел азаматтарының Алматы аумағында болу ережелері бойынша жедел желі ұйымдастырылған: +7 727 254-43-17, +7 727 254-46-97.
Әрбір аудан әкімдігінде кеңес беруге дайын жауапты тұлғалар кезекшілік етеді.
Алатау ауданы әкімінің аппараты — 299-86-72.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты — +7 708 683 0294, WhatsApp.
Әуезов ауданы әкімінің аппараты — 303-25-20, +7 701 964 3536, WhatsApp.
Бостандық ауданы әкімінің аппараты — 274-96-13.
Жетісу ауданы әкімінің аппараты — 384-27-74.
Медеу ауданы әкімінің аппараты — 291-32-69, +7 702 047 42 73, WhatsApp.
Наурызбай ауданы әкімінің аппараты — 305-38-71, +7 708 145 08 01, WhatsApp.
Түрксіб ауданы әкімінің аппараты — 251-10-07.
Сонымен қатар Жетісу ауданындағы «Құлагер» шағын ауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайындағы ХҚКО-да Ресейден келген релоканттарға қызмет көрсету жұмыстары күшейтілген.
Бірыңғай байланыс орталығы — 1414.