«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов әйелдер вагонының ашылуын қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатқанын мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл жобаны кеңейту үшін жолаушылардан көп өтініш түскен.
Қазірдің өзінде Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана бағытындағы пойыздарда әйелдер вагондары бар.
Биылғы жазғы кезеңде әйелдер вагондары бар қосымша үш бағыт ашылады: Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Ақтөбе.