Categories: Денсаулық

Қазақстанда қызылша вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі

Қазақстанда үш айдың ішінде қызылша вирусын жұқтырғандардың ішінен 31 науқастың диагнозы зертханалық жолмен расталды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Алғашқы тіркелген жағдай Түркиядан келген баладан анықталды.

Вирус Түркиядан Қазақстанға келген 5 баладан, Египеттен келген 2 баладан және Қырғызстаннан келген 1 баладан және Тәжікстаннан келген 1 жасөспірімнен анықталған.

Ал қазіргі уақытта өңірлер бойынша Алматыда — 18, Жетісу облысында — 5, Қарағанды облысында – 3, Атырау облысында – 2, Павлодар, Ақтөбе, Астанада — 1 жағдайдан тіркелген. 

Науқастанған 31 адамның 29-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, қалған 2-еуі ересек кісі. Вирусты жұқтырғандардың 80 пайызы екпе алмаған балалар.

Айта кетейік, былтыр елімізде қызылша вирусын жұқтырған 4 жағдай тіркелген.

Қызылша – жоғары контагиозділігімен (жұқпалылығымен) сипатталатын, ауа тамшылары арқылы берілетін және ЖРВИ белгілеріне ұқсас өтетін вирустық ауру.

Алдымен бөртпе құлақтың артында, бет пен мойында, содан кейін кеуде мен денеде және қол мен аяқта пайда болады.

Ауру инфекцияны жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары қызылша ми қабығының қабынуы (энцефалит), өкпенің (пневмония), құлақтың (отит) асқынуларымен қауіпті, ауру өлімге әкелуі ықтимал екенін айтады.

Қызылшаның арнайы емі жоқ. Вирустың алдын алудың жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакцинация.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес: І доза – 12-15 ай, ІІ доза – 6 жас.

Егудің тиімділігі: І доза – 84%, ІІ доза – 95%.

Аурудың алдын алу мақсатында мыналар ұсынылады:

  • өз балаларыңызда екпенің болуына назар аудару және вакцинация болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдау;
  • асқынуларды болдырмау және басқаларға жұқтырмау үшін ауру пайда болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну;
  • екпе алу және аурудың алдын алу»,-деп түсіндірді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 часа ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago