Categories: Қоғам

Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда пайда болады

Жаңа мемлекеттік награда – Қазақстан халқы Ассамблеясының орденін бекіту керек. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі

Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздегі үйлесімділік пен келісімді нығайтуға нақты ісімен өз үлесін қосқандарды жан-жақты қолдау керек.

Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының 2 сыйлығын тағайындауды ұсынамын. Біріншісі – әдебиет және журналистика саласындағы үздік еңбектері үшін. Екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар үшін. Бұл сыйлықтарды жеке авторлар да, шығармашылық топтар да ала алатыны маңызды. Бұл ретте ақшалай сыйақының мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауға тиіс, — деді мемлекет басшысы ҚХА-ның XXXII cессиясында.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік награданы тағайындауды ұсынды.

Жаңа мемлекеттік награда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» ордені бекітілуі керек. Алғашқы лауреат аталған наградаларды биыл қазанда – Республика күнінде тапсыруға болады.

Азаматтарымыздың елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға серпін береді деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

20 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

21 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago