24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. Кітапханашы күні — 24 қазан«
— делінген құжатта.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.