Respublika партиясы Әділет министрлігі тіркеуінен өтті.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров партияның тіркеу куәлігінің фотосын бөлісті.
Оның тең төрағалары — блогер Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, Қуаныш Шонбай.

Айта кетейік, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау жоспарланған.