Үкімет бұл мәселені қарастырып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысында жұртшылықпен кездесуінде өскелең ұрпақтың, бүкіл халықтың денсаулығына алаңдаушылық білдірді.
Біз бүкіл қоғам болып есірткіге қарсы ымырасыз күресуіміз керек. Бұл жас ұрпақтың және бүкіл халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Жастар арасында жаман әдеттерге жол бермеу керек. Қазір көптеген жасөспірім, мектеп оқушылары кез келген дүкеннен оңай сатып алуға болатын электрон темекіні пайдалана бастады. Бұл өте қауіпті жағдай,
деді ол.
Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынады. Алайда бұл шарт іс жүзінде орындалмайды. Осыған байланысты мемлекет басшысы уәкілетті органдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.
Жасөспірімдерге энергетик сусындарды сатуға тыйым салу керектігі қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Үкімет бұл мәселені зерттеп, нақты шешім қабылдауы керек. Мұхтар Әуезов айтқандай, «Ел бесіктен басталады» («Ел боламын десең, бесігіңді түзе»). Жас ұрпақтың денсаулығы мен білімін бүгіннен бастап ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін,
деді президент.