Categories: Денсаулық

Қазақстанда жиі кездесетін қатерлі ісіктің төрт түрі қандай

Бүгінде 200 мыңнан астам қазақстандыққа қатерлі ісік диагнозы қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық онкология ғылыми орталығына сілтеме жасап.

Оның ішінде төрт түрі өте жиі тіркеледі.

Бірінші орында — сүт безінің қатерлі ісігі. Жыл сайын аурудың 5 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталып, ісіктің осы түрінен мыңнан астам өлім тіркеледі.

Өлім-жітім бойынша сүт безі қатерлі ісігі төртінші орында.

Қауіп факторы тек тұқым қуалау мен өмір салты ғана емес, одан бөлек генетикалық мутациялар, кеудеге 30 жасқа дейін жүргізілген сәуле терапиясы немесе ұзақмерзімді гормон алмастыру терапиясы да ауруға себеп болуы мүмкін.

Онкологиядан болатын өлім-жітім бойынша 1-орында тұрған — өкпе ісігі. Ал таралуы бойынша бұл обыр Қазақстанда екінші орында.

Оған өкпе фиброзы, темекі шегу, бұрынғы сәулелік терапия немесе қоршаған ортаның токсиндері себеп болуы мүмкін.

Қатты жөтеліп, қан кетсе, тыныс ала алмаса, кеудеде ауырсыну, ентігу, бет пен мойын ісінсе, дауыс қарлықса, бірден дәрігерге көріну керек.

Үшінші орында тоқ ішек ісігі, ол өлім көрсеткіші бойынша үшінші орында. Науқас әлсізденіп, тәбеті төмендейді, іші ауырады, метеоризм болады, ішек бітеледі және қан кетеді.

Нәжіс талдауы немесе колоноскопия арқылы анықтауға болады.

Төртінші орында — асқазан обыры. Қатерлі ісіктің бұл түрі өлім-жітім бойынша екінші орында.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago