Қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

Өткен аптада Қазақстан спортшылары ірі халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Кәсіпқой спорт әлеміндегі басты оқиғаның бірі Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындары. Қазақстан намысын 125 спортшы қорғап жатыр.

Қазіргі таңда велоспорттан біздің құраманың қоржынында 5 алтын бар. Артем Захаров (омниум) Рината Сұлтанова (омниум, 10 км ұпайлық жарыс, 3 км жеке жарыс), Әлішер Жұмақан (жеке жарыс 4 км). Дмитрий Носковта күміс медаль (жеке жарыс 4 км). Велоспорттан Әлішер Жұмақан (ұпай бойынша 15 км) және Марина Кузьмина (жеке жарыс 3 км) қола жүлдегер атанды.

Үстел теннисі: Денис Желудев қола жүлдені жеңіп алды.

Таэквондо: қола жүлдегерлер – Жансель Дениз, Бауыржан Хасенов, Жасурбек Клычев.

Көркем гимнастика (командалық көпсайыс): Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нариман Құрбанов – қола жүлдегерлер. Сондай-ақ, біздің спортшылар жеке есепте үш күміс медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен Рахат Қалжан, Алдан Асқаров (65 келі) және Мамед Ибрагимов Мамед (97) үшінші орынды иеленді. Грек-рим күресінен қоланы Аманғали Бекболатов жеңіп алды.

Михаил Литвиннің нәтижесін ерекше тоқталуға болады. Спортшы 400 метрге жүгіруден ақтық жарыста жеңіске жетті. Сонымен бірге, ол алдын ала кезеңде Қазақстан рекордын орнатты — 44,94 секунд.

Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілдері Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин және София Абубакирова спартакиада жеңімпаздары атанды.

Сондай-ақ әйелдер күресінен алтын медальді Қазақстан құрамасының атынан шыққан Елена Шалыгина жеңіп алды.

Ауыр атлетика: Зүлфия Чиншанло мен Арли Чонтей бірінші болды, Алексей Чуркин, Арай Нұрлыбекова және Айша Омарова жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, Өтепберген Әлиев пен Асылжан Бектай қола жүлдені қанағат тұтты.

Құрамында Сағынай Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова және Әсел Шүкірбай бар қазақстандық гимнастшылар үшінші орынға тұрақтады. Ал Елжан Тәниева доп жаттығуларында бірінші болды.

Алдағы жарыстарға аңдатпа.

16-24 тамыз аралығында Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) WSPS жұптық оқ атудан әлем кубогы өтеді. Қазақстан құрамасынан 3 спортшы (А. Жылқышинов, Б. Махаева, А. Пасхалиди) қатысады.

18-26 тамыз аралығында Хошемин қаласында (Вьетнам) таэквондодан Азияның ашық чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасынан 5 спортшы (Н.Айдарбеков, Н.Домбаев, Қ.Досмалова, Н.Өмірәлі, М.Мұқашев) қатысады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

8 минут ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

41 минута ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago