Көліктерді заңсыз тіркеген арнайы ХҚКО және полиция қызметкері ұсталды (видео)

Нұр-Сұлтанда Арнайы ХҚКО маманы мен полиция қызметкері көлік құралдарын жүйелі түрде заңсыз тіркеп келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

Тергеу кезінде Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы маманы Т. деген азамат пен Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

Бұл тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген,

делінген ведомство таратқан хабарламада.

Күдіктілер 2022 жылғы 14 тамызда тергеу соты санкциясы арқылы қамауға алынды.

Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлері қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлға жауапқа тартылады.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Кейін «Азаматтарға арналған үкімет» бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзуды жою саясатын ұстанады. Мемлекеттік корпорацияның ішкі қауіпсіздік бөлімі тұрақты негізде ішкі аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің заңсыз әрекетін анықтайды. Ішкі қауіпсіздік департаменті жинаған барлық материал одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі, 

делінген корпорация таратқан хабарламада.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

21 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago