Қазақстандық спорттың жаңа жұлдызы — Нора Джеруто

21 шілдеде Қазақстан спортында тарихи оқиға болды. Кениялық спортшы Нора Джеруто әлем чемпионатында Қазақстан үшін алтын жеңіп алды. Кедергілермен жүгіру стилінде өнер көрсететін спортшы Қазақстанға алғашқы «алтынды» сыйлап қана қоймай, әлем чемпионатының рекордын жаңартты. Спортшы қазақстандықтардың 2017 жылы артқан үмітін ақтады, дәл сол жылы Қазақстан азаматтығын алғанымен, спортшыға Қазақстан атынан өнер көрсету тек биылдан рұқсат етілген. Біз бүгін оқырмандарымызды спортшымен толығырақ таныстырмақпыз.

Кениядан келген желаяқ

Нора Джеруто Тануи (Norah Jeruto Tanui) 1995 жылы 2 қазанда дүниеге келген, 26 жаста. Ең алғаш 2011 жылы 16 жасында Африка кросс чемпионатында дебют жасап, жасөспірімдер арасында алтыншы орынды жеңіп алды. Сол жылы Нора ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында кедергілермен жүгіруден 2000 м қашықтықта жеңіске жетті, осы жастағылар арасында тарихта үшінші нәтиже көрсетті. Финалдық жүгіруі кезінде Нора су шұңқырына құлап түседі, бірақ бұл оның жеңіске жетуіне кедергі болмады.

2016 жылы Джеруто Кения чемпионатында екінші орынға ие болды, бұл оған 2016 жылғы Африка чемпионатына жолдама берді. Нора 3000 м кедергілермен жүгіруде жеңіске жетті, осы қашықтықта өз мансабындағы ең жақсы уақытты көрсетті және сонымен бірге жарыс рекордын орнатты.

Қазақстандағы жеңістер

2017 жылы Нора және кениялық тағы 3 спортшы Қазақстандық Алтай Атлетикс жеңіл атлетика клубына қосылды. Қазақстан құрамасының атынан Әлем чемпионаттарында өнер көрсету құқығы тек 2022 жылы ғана мүмкін болды. Мұндай ауысулар Кениялық атлеттер үшін қалыпты жағдай, себебі ел ішінде бәсекелестік жоғары, әрі халықаралық старттарда ел атынан шығуға мүмкіндік аз.

2022 жылы 28 мамырда жеңіл атлетикадан Әлем чемпионаты өткен Юджиндегі «Гауһар лигасының» кезеңінде 3000 м қашықтықта кедергілермен жүгіруден маусымның ең үздік нәтижесін көрсетті. Мұндай нәтиже Нораны алдағы Әлем чемпионатының фавориттерінің біріне айналдырды.

Джеруто 6 рет «Гауһар лигасының» кезеңдерінде жеңіске жеткен, ал 2021 жылы серияның финалында жеңіске жетті.

АҚШ-тың Юджин қаласында өткен жазғы әлем чемпионатында Нора Эфиопиядан келген екі спортшыдан озып, 3000 қашықтықта кедергілермен жүгіруде жеңімпаз атанды. Джеруто 8:53.02-де жазғы әлем чемпионаттарының рекордын орнатып, маусымның әлемдегі ең үздік нәтижесін көрсетті.

Мәреден кейін Нора су шұңқырына (қашықтықтағы кедергілердің бірі) секіріп, өз жеңісін «жуды». Оған Эфиопиядан 2-ші және 3-ші орын алған спортшылар да қосылды.

«Ауа-райы жақсы болды. Өзіме бүгінгі жүгірісім ұнады.

Басында мен Эфиопиядан келген достарымнан қорықтым. Олар мен сияқты чемпиондар, сондықтан біраз қорқыныш болды. Жарыста жеңіске жету үшін бар күшімді салдым, оңай болған жоқ»,

деді Джеруто жарыстан кейін.

Бұл Джерутоның соңғы жеңісі емес деп үміттенеміз.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago