Categories: Қоғам

Қазақстандықтар 2022 жылы Түркияда қанша жылжымайтын мүлік сатып алды?

2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркияда жылжымайтын мүлік сатып алған өзге елдердің азаматтары рейтингінде Қазақстан алтыншы орынға ие болды, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Бұл туралы Түркияның қоршаған орта және қала жоспары министрі Мұрат Курумаға жіберілген депутаттық сауалдың арқасында белгілі болды.

Министр көрсеткен мәліметке сәйкес, 2022 жылы Түркияда шетелдіктерге 75 185 жылжымайтын мүлік нысаны сатылған. Оның ішінде 70 874 нысан тұрғынжай немесе жұмыс орындар, ал 4 311 нысан — негізгі жылжымайтын мүлік, оған жер, жүзім бақтары немесе бақ кіреді.

Шетелдіктерге сатылған жылжымайтын мүліктің негізгі үлесі бір жыл ішінде 8,3 миллион шаршы метрге жетті. Түркиядағы жылжымайтын мүлікті 2022 жылы 159 елдің азаматы сатып алғаны айтылады.

Қазақстан жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша елдер арасында алтыншы орынға ие болды — 2022 жылы қазақстандықтар 2 557 тұрғын үй сатып алды.

Сонымен қатар, рейтинг көш басында ресейліктер тұр — 17 143 нысан сатып алған. Одан кейін Иран (9 023), Ирак (6 409), Германия (3 211) және Украина (2 593) азаматтары келеді. Ауғанстан жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша елдер тізімінде 7-орынға ие болды (2 271), одан кейін Кувейт (889), АҚШ (609) және Әзірбайжан (515). Тізімде Сейшел аралдары мен Мозамбик те бар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago