«Қала өлік сасиды»: Түркияда жер сілкінісі болған Кахраманмараштың қазіргі көрінісі

Түркиядағы зілзаладан ең қатты зардап шеккен қаланың бірі – Кахраманмараш. Ол Түркияның оңтүстік-шығысындағы астанасы саналады. Халқының саны 1,2 миллионға жуықтайды. Көлемі жағынан елдегі 14-ші қала саналатын Кахраманмарашың қазіргі көрінісі қандай? Azattyq Ruhy сайты жазады.

Бұл – қаладағы орталық көшелердің бірі, тоғыз қабатты тұрғын үйлер орналасқан шағын аудан. Қаз-қатар орналасқан үйлер жермен-жексен болған.

Қаланың орталық даңғылында орналасқан үш қабатты сауда орталығы. Жиһаз, кілем сататын сауда кешені қирап қалған. Құрылыс қауіпті болса да, адамдар іште қалған заттарын тасып әкетпек.

Кахраманмарашта 6 ақпан күні түнде болған алғашқы жер сілкінісінде-ақ қаланың жартысына жуығы қираған. Қираған үйінділерді аршып жатқан техникалар көп. Дегенмен құлаған қалпы, әлі техника бармаған құрылыс нысандарды да аз емес.

Жер сілкінген күні байланыс та толықтай үзілді. Түнде қала қирап қалды, халық шырт ұйқыда жатқан, көбі қирандының астында қалды. Билік шынайы ақпаратты әлі жасырып отыр. Мемлекеттен бірінші күні де, екінші күні де құтқарушылар келмеді. Үшінші күні келіп тұр, құралдары да, техникалары да жоқ. Есесіне көп адам дер кезінде құтқарылмағандықтан өліп кетті. Осымен тоғызыншы күн, суықта, ауыр бетонның, қирандылардың астында қанша мың адамның қалғаны белгісіз. Оларды құтқару, тірі алып қалу мүмкіндігі минут өткен сайын азайып барады. Мемлекет төтенше жағдайға дайын болмады.

Туыстарымның көбі қайтыс болып кетті. Ата-енемнің жаназасын шығарып келе жатырмын. Екеуі де құлаған үйдің астында қалды. Қаланың жартысы жоқ. Екі мыңнан астам үй қираған. Жарамсыз, апатты жағдайдағы нысандар көп, олардың саны да анықталмады. Ел көшеде, шатырда тұрып жатыр. Билік осы қателігі үшін жауап береді, мына жағдайдың сұрауы ауыр болады,

деді саясаткер, адвокат Ахмед Жабукен.

Әрбір бұрышта шатыр тігілген. Шамасы келген адамдар өзге қалаларға бас сауғалап кеткен. Қаланың әрбір бұрышы шатырларға толы. Көшеде от жағып, суық күнде пешті паналап, жылынып жатқан адамдар көп. Халық зілзала болған күннен бері жуынбаған. Қалада ыстық су мүлдем жоқ.

Жақараттанған адамдарды тасыған жедел жәрдем көліктері де көп. Үйінді астынан аман шыққан адамдарды әскери ұшақпен сәт сайын әкетіп жатыр.

Қала өлік сасиды, иіс тарап жатыр. Көптеген туысымнан айырылып қалдым. Халық пәтерлеріне бармайды, қорқып қалған. Құлағалы тұрған ғимараттар аз емес, олар адамдарға әлі де қауіп тудырып отыр. Халық барынан түгел айырылды. Күн салқын, егер ауа райы жылынса Кахраманмараш қана емес, бүкіл елге эпидемия тарайды, қазірден қауіп бар. Онсызда тамақсыз, үйсіз қалған, қалжырап шаршаған халық эпидемиядан қырылып қалады. Шұғыл шаралар қабылдау керек. Ал көкейіміздегі сан түрлі сұрақтарға жауап алу мүмкін емес,

деді «И» партиясының мүшесі, саясаткер Ахмад Юсуп.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago