Қазақстандықтарға жылу үшін 490 млн теңге қайтарылады

Қазақстан тұтынушыларына жылу үшін артық төлеген 490 млн теңгеге жуық сома қайтарылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғиғи  монополияны реттеу жөніндегі комитеті хабарлады.

Комитет Қазақстан бойынша жылу энергия есебі құралы жоқ тұтынушыларға арналған жылыту қызметі бағасын қайта есептеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қайта есептеу нәтижесінде анықталған сома жаңа жылу кезеңінде (2022-2023 жылдар) немесе 2022 жыл соңына дейінгі күнтізбелік жылда тұтынушылардың тұлға шотында аванс (сальдо) ретінде бөлек қатарға шығады.

Табиғимонополия субъекті жылу энергиясы қызметін реттеу бойынша құнды қайта есептеуге міндетті. Тұтынушыға тіке әсер ететін нақты сыртқы ауа темпераурасын ескеруі керек. Тұтынушының қайда екені белгісіз болса, жылу энергиясын реттеу қызметін төлерде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуге міндетті.

Өткен 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде жылу жеткізу саласында қызмет көрсететін табиғимонополия субъектілері есептеу приборы жоқ тұтынушыларға арналған жылу энергия ақысын қайта есептеді. Салықты қоса есептегенде жалпы 489 миллион 950,2 мың теңге шықты, делінген комитет хабарламасында.

Өңірлер бойынша есептегенде нәтиже мынадай:

  • Алматы бойынша – 40,9 миллион теңге;
  • Нұр-Сұлтан бойынша – 1,7 миллион теңге;
  • Шымкент бойынша – 27,7 миллион теңге;
  • Алматы облысы бойынша – 9,3 миллион теңге;
  • Ақмола облысы бойынша – 20,3 миллион теңге;
  • Атырау облысы бойынша – 8,2 миллион теңге;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 20,1 миллион теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 186,2 миллион теңге;
  • Жамбыл облысы бойынша – 16,5 миллион теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 786,6 мың теңге;
  • Қарағанды облысы бойынша – 81,3 миллион теңге;
  • Қостанай облысы бойынша – 4,4 миллион теңге;
  • Қызылорда облысы бойынша – 38,8 миллион теңге;
  • Павлодар облысы бойынша – 3,1 миллион теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 26,6 миллион теңге;
  • Түркістан облысы бойынша – 3,5 миллион теңге.

Комитет Маңғыстау облысы бойынша есеп қайта жүргізілмейтінін хабарлады. Өйткені жылу энергиясы бойынша реттеу қызметінің бағасы сыртқа ауа температуасының нақты қалпын есепке алып жасалған.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago