Көз жұмған соң донор болудан 17 мың адам бас тартты. 1 мың адам келісті

Денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі – қоғамда ағза мүшесінің донорлығына оң көзқарас қалыптастыру. Трансплантацияны үйлестірушілер бұл бағытта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі заманда трансплантология – сұранысы көп жоғары технологиялық медициналық көмектің түрі саналады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 6 трансплантация орталығы, 40 донорлық стационар, 26 стационарлық және 16 аймақтық трансплантация үйлестірушісі бар. Елімізде 2012 жылдан бері трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Оның ең басты міндеті – Қазақстанда ағза мүшесі донорлығының тиімді ұлттық жүйесін құру.

2021 жылы бұл орталық 4 өлі донордан трансплантация жасауды үйлестірген: 10 донорлық ағза мүшесі алынып, ол транплантацияға зәру рецепиенттердің регистрінде тіркеулі тұрған 10 науқасқа трансплантталды.

Ал  биылғы 6 айда 2 өлі донордан 7 ағза мүшесі алынып, ол зәру рецепиенттерге трансплантталды.

Былтыр жыл бойына республиканың трансплантациялық орталықтарында ағза мүшесінің транспланттау бойынша 171 операция жасалды: оның ішінде 4 өлі донордан 10 ағза мүшесі көзі тірі донорлардан 161 ағза мүшесі ауыстырылды. Ал, биылғы жартыжылдықта трансплантациялық орталықта  ағза мүшесі трансплантациясы бойынша 104 операция жасалды. Оның ішінде 7 ағза мүшесі өлі донордан алынса, 97 ағза мүшесі көзі тірі донордың келісімен алынған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетерлік жайт, қазақстандықтар өзі қайтыс болғанда кезде трансплантация жасау мақсатында ағза мүшесінің доноры болуға, не одан бас тартуға ықтиярын egov.kz порталы арқылы көзі тірісінде білдіре алады. 2020 жылдан бері порталда осындай 18000-ға жуық өтінім тіркелген: оның ішінде 17 мыңнан астам адам бас тартса, 1000-ға жуық адам ғана келісім берген екен.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago