Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияның 3-факультативтік хаттамасына қол қойды. Қазақстан бұл маңызды хаттамаға қол қойған 53-ел болды.
Құжатқа сәйкес, БҰҰ-ның 18 тәуелсіз эксперті бала құқығына қатысты түскен шағымды қарастырады: бала саудасы, балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы және балалар порнографиясы.
3-факультативтік хаттамаға сәйкес балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет өз кезегінде әрбір істі қарайды және қатысушы мемлекеттерге нақты ұсынымдар қамтитын шешімдер қабылдайды,
— деп түсіндірді СІМ.
Құжат ел парламенті ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.