Экономика

Қазақстандықтар әлі де шәйға тәуелді

2023 жылғы қантар-маусымда елiмiзде 10,3 мың тонна шәй мен кофе өндiрiлді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда, 17,2% артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-маусымда 8,8 мың тонна кофе мен шай өндірілген. Яғни, биыл көрсеткіштер 1,5 мыңға артқан.

Қазақстан шайды мына елдерден сатып алады: Үндістан – 7,7 мың тонна және Кения – 6,2 мың тонна, Ресейден – 1,2 мың тонна, Вьетнамнан – 746,4 тонна және Шри-Ланкадан – 547,2 тонна.

Экспортқа келетін болсақ, алты айда Қазақстан шетелге 1,8 мың тонна қара шай сатты, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 16,5% — ға аз. Бізден Ресейге – 1,3 мың тонна, Қырғызстан – 277,4 тонна, Өзбекстан – 177,4 тонна, Қытай – 23,3 тонна және Моңғолияға – 18,8 тонна сатылған.

Ал, қуырылмаған кофе болса, Қазақстанға жыл басынан бері 584 тонна көлемінде импортталды. Бразилиядан – 317 тонна, Ресейден – 100,6 тонна, Колумбиядан – 30,2 тонна, Эфиопиядан – 28,2 тонна, Гондурастан – 13,5 тонна сатып алдық.

Ал, қуырылған кофенің импорты 20%-ға, 831 тоннаға дейін өсті.

Айта кетерлігі, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда, биылғы шілдеде шәй бағасы 12,8%, кофе 17,5% қымбаттаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago