Атақ және ақша

«Ерекше баланың анасымын»: Әнші Ayree жеке өміріне қатысты құпиясын ашты

Отандық әнші Ayree Динара Сәтжанға берген сұхбатында 18 жасында тұрмысқа шығып, 19 жасында ажырасып кеткенін айтты. Айтуынша, ол отбасылық өмір ол елестеткендей болмаған.

“18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір жыл ғана бірге тұрдық. Біздің ажырасуымызға үлкен нәрсе себеп болды. Мен кішкентай кезімнен ата-анамның сүйікті қызы, ата-апамның сүйікті немересі, аға-әпкелерімнің ең сүйікті жиені болдым. Кішкентайыңнан ханшайым сияқты махаббатқа қанып өстім. Бірақ мұндай жағдай мені сындырып жіберді. Күйеуім менің бірінші жігітім, алғашқы махаббатым еді. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, 19 жасымда ұлымды босандым. Тез есейіп кеттім. Тұрмысқа шыққанда өмірім одан да керемет болады деп ойлаған менің бәрінен көңілім қалды”, – дейді Ayree.

Өнер иесі сұхбат барысында осы уақытқа дейін ешкім білмеген құпиясын бөлісті.

“Мен ұлымды дүниеге әкелдім. Қазір Әлімхан 12 жаста. Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім. 9 айлығында балалардағы церебералды паралич (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет”, – дейді әнші.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago