Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына қанша қарыз
Экономика

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына қанша қарыз

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 29.06.2023
Обновлено 29.06.2023 в 12:06
Поделиться
Фото: pixabay
Поделиться

Шағын несиелердің барлығы дерлік жеке тұлғаларға берілген.

Микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) шағын несие портфелі биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 31,3% артық. Шағын несиелердің барлығы дерлік жеке тұлғаларға берілген — бұл 1 трлн теңгеден астам, бір жыл ішінде 31,2% өсті. Заңды тұлғаларға тағы 24,2 млрд теңге берілді, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңындағы көрсеткіштен 38,3% артық.

Кешіктірілген шағын несие көлемі бір жылда 21,1% өсіп, 157,5 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте МҚҰ жалпы несие портфеліндегі кешіктірілген несие үлесі бір жылда 16,2%-дан 14,9%-ға дейін төмендеді.

Кешіктірілген шағын несиелердің 155,3 млрд теңгесі жеке тұлғаларға берілген несие, бір жылда 20,8% көбейген. Жеке тұлғалардың кешіктірген несиелерінің үлесі бір жылда 16,4%-дан 15,1%-ға дейін төмендеді. Ең көп көлем 90 күннен астам кешіктірілген несиелерге тиесілі: 54,4 млрд теңге, көрсеткіш 10,2% азайған. Одан кейін 1 күннен 30 күнге дейін кешіктірілген несие (48,9 млрд теңге, бір жыл ішінде 33,8% көбеді), 31-60 күн кешіктірілген несие көлемі 28,9 млрд теңге, бір жылда 80,7% ұлғайды, 61-90 күн кешіктірілген несие көлемі 23,1 млрд теңге, 50,4% көбейген.

Заңды тұлғалардың кешіктірілген шағын несиесі бір жылда 40,3%, 2,2 млрд теңгеге дейін, үлесі 8,9%-дан 9%-ға дейін өсті. Оның барлығы дерлік 1 күннен 30 күнге дейін және 90 күннен астам кешіктірілген шағын несиелерге тиесілі — тиісінше 1,1 млрд теңге және 893,9 млн теңге. Қалған 239,5 млн теңге мерзімі 31 күннен 90 күнге дейін кешіктірілген несие.

Микроқаржы ұйымдарының есебінше, үмітсіз деп саналатын микронесиелердің үлесі айтарлықтай өсті: бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш 10,1%. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын мұндай берешектердің үлесі портфельдің 8,9%-ын құраса, бес жыл бұрын небәрі 2,4% болған. МҚҰ портфеліндегі үмітсіз микронесиелердің көлемі бір жыл ішінде бір жарым есеге жуық өсіп, 106,4 млрд теңгеге жетті.

Шағын несиелердің едәуір бөлігі күмәнді — 814,8 млрд теңге, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 29,7% көп. Стандартты шағын несие көлемі 132,8 млрд теңге, көрсеткіш бір жылда шамамен 28,6% көбейген.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Экономика
Арман Ерғалиев 29.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?