Ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға платформа құрылды. Бес күнде қазақстандықтар Абай облысының тұрғындары үшін 165 миллион теңге жинады.
Kaspi.kz өз тарапынан өрттен зардап шеккендер үшін 35 миллион теңге қосып, соманы 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.
Біз мұндай үлкен резонансты күткен де жоқпыз. Қайырымдылық көлемі әртүрлі болды. Біреу «Ұлымнан» деп 50 теңге аударса, біреу қомақты сома жіберген. Қаражаттың бір бөлігін өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды қолдауға, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға бөлеміз. Тағы бір бөлігі – зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуге. Қалған сомаға жәбірленушілердің кәмелетке толмаған балаларына депозит ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл сегіз бала кәмелетке толған соң ақшаны оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа да маңызды мақсаттарға жұмсай алады,
Татьяна Миронюк, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры.